ЕуроОдақ үшін Қазақстанның маңызы зор
ЕуроОдақ үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту аса маңызды.
Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында бірлестіктің Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі мәлімдеді. Эймон Гилмор қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Еуроодақпен серіктестікті одан әрі дамытуға шақырды.
Эймон Гилмор, ЕуроОдақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі:
- Қазақстан өсіп-өркендей берсін! Елдеріңіздегі реформаларды, әсіресе Президенттің заң үстемдігіне қатысты бастамаларын жіті бақылап отырмыз. Біз оларға оң бағамызды беріп, қолдау көрсетуге әзірміз. Қазақстан мен Орталық Азияның әлеуеті зор. ЕуроОдақпен арадағы ынтымақтастығымызды нығайту беруіміз керек.