Тбилисиде Қазақстан мен Грузия достастығына арналған көрме ашылды

Ал Тбилисиде Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан мен Грузия достастығына арналған балалар сурет көрмесі ашылды.

Онда орыс, қазақ, гүржі, беларусь сынды түрлі ұлт өкілдерінің картиналары қойылған. Әр туынды ежелгі қыпшақ-гүржі мәдениеті мен тарихынан терең сыр шертеді. Әсіресе, қыпшақтардың гүржі хандығын қалыптастырудағы маңызды рөліне арналған еңбектер ерекшеленеді. Көркемсурет студиясына отандасымыз Гүлнар Утева-Натрадзе жетекшілік етеді. Оның сөзінше, жас шеберлер көрмеге 2 аптадай дайындалған. Шара жыл соңына дейін жалғасады.

Гүлнар Утева-Натрадзе, көркемсурет студиясының жетекшісі:

- Бұл туындыларда қыпшақтардың гүржі еліне келу тарихы бейнеленген. 11 ғасырда Давид Агмашенебелидің елін қорғау үшін қыпшақ ханшайымымен үйленеді. Кейін ол Гурандухтың әкесі Артық ханды өз жеріне шақырады. Сөйтіп Хан 40 мыңдық әскерін жанұяларымен бірге алып келген. Содан олар осында тұрақтап көбейген.

Аяжан Саттар, көркемсурет студиясының оқушысы:

- Мен осы оқиғаны естігеннен кейін Қазақстан мен Грузияның бір-бірімен терең тарихи байланысы барын білдім. Сол себепті 8 еңбегім осы тақырыпқа арналған. Олардың ішінде өзіме ең көп ұнайтыны - бақша ортасында баласын құшағына алған жас жұбайларды бейнелеген суретім.