Ыстамбұлда БҚО-ның камералық оркестрі концерт қойды

«Анадолыға Ақжайықтан сәлем». Осындай атаумен Ыстамбұлда Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің концерті өтті.

Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік шара шаһардағы қазақ диаспорасы ең көп шоғырланған Зейтинбурну ауданында ұйымдастырылды. Кеште әлемдік классиктермен бірге Абайдың "Көзімнің қарасы, "Айттым сәлем Қаламқас", Нұрғиса Тілендиевтің "Ата толғауы" сынды жан тебірентер туындылар орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тұран Бахадыр, қазақ диаспорасының өкілі:

- Ыстамбұлда 15-20 мың қазақ бар. Мұндай концерттер көп болса жақсы екен. Қазақтарымызда тыңдап, өз мәдениетін көреді. Сол үшін керек қой. Өнер- жан азығы кеш керемет болды.

Дастан Есентеміров, әнші:

- Біздің тәуелсіздігігімізді мойындаған елдердің бірден-бірі ол Түркия болатын. Сондықтан, Ыстамьұлдың Зейтинбұрну ауданында қандастарымыз көп шоғырланған екен. Сол бауырларымызды тәуелсіздік қарсаңында мерекемен құттықтайын деп, Ақжайықтан Ыстамбұлға сәлем деген мепекелік концертімізді ұсынғымыз келді. Жерлес қандастарымыз жақсы қарсылап, концертіміз жақсы өтіп жатыр. Халықтың ықыласы өте тамаша.