Lufthansa экобелсенділерден өтемақы талап етіп отыр

Немістің ұлттық әуе тасымалдаушысы Lufthansa экобелсінділерден 740 мың еуро өтемақы талап етіп отыр.

Табиғат жанашырлары Германияның бірнеше қаласының әуежайында наразылық ақцияларын өткізген еді. Соның кесірінен рейстер кейінге шегеріліп, уақытында ұшпай қалды. Осының салдарынан компания шығынға батқан. Ал ереуілге қатысуышылар болса климатты қорғауға осылайша назар аудармақ болған. Ол үшін ұшу-қону жолағына жатып алуға дейін барған.

Енді үкімет авиациялық қауіпсіздік туралы заңды өзгертпекші. Сөйтіп, тиісті акция қатысушыларына жазаны қатаңдату көзделіп отыр.