Америкалықтар Газадағы қақтығысқа наразы

Бостонда мыңдаған тұрғын шеруге шықты.

Олар Газадағы қақтығысқа наразы. Анклавқа қарсы шабуылды біржолата тоқтатуды Израильден талап етіп отыр. Бұлай жалғаса берсе, тұрғындар шеруді тоқтатпайтынын айтады.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасып жатқанына 80 күнге жуықтады. Газа денсаулық сақтау өкілдерінің мәліметінше, шабуыл кезінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 19 мыңға жетті.