Жер сілкінісінен 118 адам мерт болды
Қытайдың Ганьсу провинциясында жойқын жер сілкінісі тіркеліп, 118 адам мерт болды.
Тағы 500-ге жуық кісі жарақат алған.
Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, зілзаланың қуаты 6,2 баллға жеткен. Қазір жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр. Ал құтқарушылар бригадасы үйінді астында қалған адамдарды шұғыл іздеуге кірісті. Бірақ қолайсыз ауа райы құтқару жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін дейді.