Сақтансаң сақтайды! LIVE

Бірақ бельгиялықтар үшін медицина әрине тегін емес. Корольдікте медицина қызметтерді міндетті сақтандыру арқылы алуға болады.

Ол халықтың 99 пайызын қамтиды. Денсаулық сақтаудың мемлекеттік және жеке секторы бар. Елде ірі бес медициналық сақтандыру компаниясы бар. Олар Ұлттық медициналық сақтандыру Институтына бағынатын арнайы заңдар аясында жұмыс істейді. Әрбір азамат өз сақтандыру компаниясын таңдай алады. Жұмыс істейтіндердің жалақыларының н 7,3 пайызы медициналық сақтандыруға жібереледі. Бұның жартысын – қызметкердің өзі, қалған жартысын жұмыс беруші міндетті түрде жібереді. Ал өз өзін жұмыспен қамтығандар осы 7,3 пайыздың барлығын төлейді.

Жанат Эрнст, тілші:

- Жұмыссыздар, зейнеткерлер мен студенттер де сақтандыруға ие. Бірақ мемлекет субсидиялары емделу құнының 50 пайыздан бастап- 75 пайызға дейін ғана жаба алады. 

Қалған соманы әр азамат өзі төлеуге мәжбүр. Дәрі-дәрмекке келсек олардың  құны да 20 пайызға дейін ғана қайтарылады. Мемлекеттік емес жеке сақтандыру компаниялар мен де келісім шартқа отыруға болады. Ондай компаниялар шығынды азайтуға қосымша көмектеседі.

Көп жағдайда азаматтардың сақтандыру полисі болса да, алдымен дәрігердің ақысың толығымен төлеу керек, кейін ол соманың жартысына дейін сақтандыру компаниядан қайтып алуға болады.

Жанат Эрнст, тілші:  

Құны дәрігердің біліктілігіне байланысты. Орташа алғанда, терапевтке немесе педиатрға бару 25 - 60 еуроға шығады. Ауруханаға жатқан жағдайда жалпы шотыңызды төлеп, одан кейін ғана сақтандыру компаниясына шығындардың бір бөлігін өтеуге өтініш бере аласыз. Жалпы алғанда, осы елдегі медициналық шығындарға бір адамға жылына шамамен 3,5 мың еуро бөлінеді.