Прагада 14 адам оққа ұшты
Праганың Карл университетінде атыс болды.
Соның салдарынан 15 адам оққа ұшып, көз жұмды. Тағы 25 адам жараланды. Осыған байланысты бүгін елде Ұлттық аза тұту күні. Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, 24 жастағы студент оқу ғимаратына мылтықпен кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Полицейлер қаскөйді ұстады. Алдын-ала тергеуге қарағанда бұған дейін жас жігіттің өз әкесі мен тағы бірнеше адамның өліміне қатысы болған екен.