Газа секторын аштық жайлады
Газа секторында 600 мыңға жуық адам ассыз, сусыз қалып, ахуал ушықты.
Жағдайдың ушығуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қарулы қақтығысты дереу тоқтатуға шықырды. Себебі әскери қимылдардан халықтың аштан қырылу қаупі күшейген. Өңірде дүкендер мен наубайханалар бомбалаудан қирап, бүлініп жабылған. Израиль мен ХАМАС арасындағы үзіліс кезінде Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен гуманитарлық көмек жеткізілген еді. Алайда ол да түгесілуге жақын.
Ариф Хусейн, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының бас экономисі:
- Адам күніне 15 литр су тұтынады. Ал Газа секторында 10 адам 1 литр суды үнемдеп ішуге мәжбүр. Тіршілік нәрі таусылса, аймақта апатты жағдай орнайды.