БҰҰ Газаға қатысты қарар қабылдады
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу бойынша қарар қабылдады.
Біріккен Араб Әмірліктері дайындаған құжатты 13 ел қолдап, дауыс берді. Ресей мен АҚШ қалыс қалды. Қарар Израиль мен ХАМАС-тан аймаққа шұғыл түрде гуманитарлық жүктерді жеткізуге жағдай жасауды талап етеді. Сондай-ақ тараптарды әскери қимылдарды тоқтатуға күш салуға шақырады.