Мексика заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейтеді

Яғни, АҚШ-қа ағылған мигранттар легін шекараға жеткізбей тоқтатуды қолға алады.

Өйткені толассыз көш нөпірі шекара аймағындағы сауда-саттыққа айтарлықтай кедергі келтіріп, экономикалық шығынға батырып жатыр. Мәселен, жуырда ғана босқындардың кесірінен жергілікті билік Техас штатымен теміржол қатынасын 5 күнге шектеп, тауар экспорты тұралап қалған болатын.