Австралияда орман өртеніп жатыр

Елдің батыс бөлігінде 20-ға жуық өрт ошағы тіркелген.

Билік өкілдерінің айтуынша, жасыл желектің отқа орануына аймақтағы аптап ыстық себеп. Сынап бағанасы 35 градусты көрсетіп тұр. Ал алдағы күндері ауа температурасы 45 градусқа жетеді деген болжам бар. Ай басында күннің күрт ысуына байланысты елде мектептер жабылған еді. Сонымен қатар бірқатар өңірде орманға барып, от жағуға тыйым салынған болатын.