Қытайдағы Хэнань провинциясының қалалары жылусыз қалды

Қытайдағы Хэнань провинциясының тұрғындары қыс кезінде қиындыққа тап болды.

Бірнеше қалада жылу жоқ. Мыңдаған адам сыз тартқан салқын үйде бүрсең қағып отыр. Құзырлы органдардың айтуынша, жылу беретін мекемелердің бірінде қазандықтар істен шыққан. Оған күннің күрт суып кетуі себеп болды дейді жауаптылар. Қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпарына сәйкес, 26 желтоқсанда жылу қайта беріледі. Бірінші кезекте ауруханалар мен қарттар үйі қамтамасыз етіледі.