Жапония елдегі ірі АЭС-ті қайта жандандырмақшы
Жапония Кашивазаки-Карива ірі атом электр станциясын қайта іске қоспақ. Бұл туралы ел үкіметі мәлімдеді.
Станция жұмысын тыңғылықты тексерген комиссия оның 2011 жылғы Фукусимадағы апаттан кейін бекітіліген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін анықтаған. Енді жергілікті халықтың келісімі қажет.
Мамандар станцияның жұмысы жанданса, елдегі энергия тапшылығының орнын толтыруға болады деп сенеді.
Айта кетейік, Кашивазаки-Карива - әлемдегі ең ірі электр станцияларының бірі. Ол жалпы қуаты 8 мың мегаватқа жететін 7 энергия блоктан тұрады.