Антониу Гутерриш адамзатқа үндеу жасады

"2024 жыл сенім мен үміт жаңғыратын берекелі жыл болуы керек". БҰҰ Бас хатшысы АнтониУ Гутерриш жаңа жылдық Жолдауында осылай деп мәлімдеді.

Сондай-ақ ол өткен жылдың әлем тарихындағы ең ыстық жыл болғанын атап өтті. Адамзаттың аштық пен кедейшілік зардабын тартқанын да тілге тиек етті. Мұнан бөлек, жер шары тұрғындарының келешегі үшін жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, жасанды интеллектіні түбегейлі қолданысқа енгізу мәселесіне де тоқталды. Сөз соңында әлем халқын ауызбірлікке үндеп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

- 2023 жыл зорлық-зомбылыққа толы ауыр және климаттық өзгеріске бейім жыл болды. Соның кесірінен адамзат қатты зардап шегуде. Планетамызға орасан зор қауіп төніп тұр. Қақтығыстар көбеймесе, азаяр емес. Бұл жағдайда елдер арасында сенім азаяды. Түптеп келгенде, мұнан ешкім ұтылмайды, ұтпайды. Сол себепті келер жылы сенім мен үмітті қайта жаңғыртып, келіспеушіліктерді жеңуге жұдырықтай жұмылуымыз керек. Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ.