Рекордтық көрсеткіш: АҚШ-та жаппай атыс жиілеп кетті
АҚШ-та 2023 жыл атыс оқиғалары ең көп тіркелген жыл болды.
Бір жыл ішінде осындай 650 жағдай орын алған. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда биыл Америкада қару-жарақты қолданудың кесірінен 42,5 мың адам ажал құшты. Олардың 2 мыңы – кәмелет жасқа толмағандар. Сарапшылар: «мұндай оқиғалардың жиі қайталануы қарудың еркін сатылуымен байланысты», - дейді. Бүгінде оны сақтауға және сатып алуға АҚШ-тың 44 штатында ресми түрде рұқсат етілген.