Қытайда әуе таксиі қызмет көрсете бастады
Қытайдың Хафэй округінде тұрғындарға әуе таксиі қызмет көрсете бастады.
Көлік құралы бір уақытта 5 адамды тасымалдай алады. Жоба авторларының айтуынша, такси экологиялық жағынан таза, ауаны ластамайды. Тағы бір ерекшелігі, ол кез келген алаңға ұшып, қона алады.
Айта кетейік, Қытай – жолаушыларға ресми түрде әуе таксиі қызметі ұсынып отырған алғашқы ел. Бұған дейін бірқатар елде тек ұшу сынақтары ғана жүргізілген болатын.