Дания патшайымы тақтан бас тартады
Дания патшайымы екінші Маргрете тақтан бас тартады.
Бұл туралы ол жаңажылдық үндеуінде жария етті. 83 жастағы монархты халық арасында қолдайтындар көп. Сондықтан оның мәлімдемесі тұрғындар үшін күтпеген жаңалық болды. Екінші Маргрете таққа ұлы – мұрагер ханзада Фредеректің отыруы үшін осындай шешім қабылдағанын айтады. Патшайым әкесінің қазасынан кейін 52 жыл билік етіп келеді. Сөйтіп, ол Дания тарихында ең ұзақ патшалық еткен монархқа айналды.