Ресейде жаңажылдық отшашуға тыйым салынды
Ресей астанасы биыл Жаңа жылды отшашусыз қарсы алды.
Мәскеумен бірге елдің 20-ға жуық қаласы пиротехникадан бас тартты. Шара тұрғындардың мереке кезінде жарақат алудан сақтау үшін қолға алынған. Жаңа ережеге сай адамдар көп жиналатын орындарда отшашуды қолдануға тыйым салынды. Бірақ шешім шаһар халқының мерекелік көңіл күйін түсірмеді. Қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп, адамдардың мейрамды қызықты атап өтуіне жағдай жасалды. Биыл Ресейде жаңа жылдық демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін, яғни 10 күнге созылады. Мейрам кезінде шаһарда 200-ден астам іс-шара өтеді. 36 қалада «Рождествоға саяхат» фестивалі ұйымдастырылады.