Жаңа Зеландия – жаңа жылды алғаш болып қарсы алған ел

Әлемде жаңа жылды бірінші болып қарсы алған елдің бірі – Жаңа Зеландия.

Бұл мемлекеттің жұрты 2024 жылды Кирибати халқымен бірге алғаш болып тойлады.

Окленд қаласының тұрғындары мерекеде лазерлік шамдар шоуын тамашалады. Сонымен қатар биіктігі 328 метр болатын «Скай Тауэр» мұнарасының маңында отшашу ұйымдастырылды. Мерекелік шараны көруге жиналған жұрт қарасы қалың болды. Отшашу 5 минутқа созылды. Фиджи мемлекеті мен Тонга Корольдігі де ұлу жылын алғаш болып қарсы алды.