Токиода жолаушылар ұшағы өртенді

Сондай-ақ Жапония астанасының әуежайында Japan Airlines ұшағы өртке оранды.

Оған не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша әуе кемесі қону кезінде жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқан болуы мүмкін. Қазір апат орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.