Оңтүстік Кореяда оппозиция жетекшісіне қастандық жасалды

Оңтүстік Кореяда оппозициялық партия жетекшісі Ли Чжэ Минге қастандық жасалды.

Демократиялық партия басшысы Пусан қаласындағы жаңа әуежайдың құрылыс алаңында болған. Сол сәтте белгісіз біреу саясаткердің мойнына пышақ сұғып алған. Бұл туралы «Рёнхап» агенттігі жазды.

Осыдан кейін Ли Чжэ Мин дереу жергілікті ауруханаға жеткізіліп, кейін тікұшақпен Сеулге жөнелтілді. Дәрігерлердің айтуынша, саясаткердің мойын тамыры зақымдалып, көп қан жоғалтқан, бірақ өміріне еш қауіп жоқ. Өз кезегінде күдікті қылмыс орнында ұсталды. Ол 67 жастағы қария болып шықты. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.