Ауруханалар бетперде режиміне көшті
АҚШ-та бірнеше аурухана бетперде режиміне көшті.
«Өйткені КОВИД-19, тұмау және басқа да жұқпалы аурулардың таралу қаупі басым», - дейді билік. Мәселен, өткен аптада елдің 31 штатында тұмауға ұқсас инфекцияның жоғары деңгейі тіркелген. Бұл көрсеткіш осы маусымда тағы өсуі мүмкін деген болжам бар. Сол себепті билік тұрғындарды емдеу мекемелерінде бетперде киіп жүруге және вирусқа қарсы екпе салдыруға шақырып отыр. Сондай-ақ ауруханаға келушілер санын да шектемек.
Уильям Шаффнер, Вандербильт университетінің сарапшысы:
-Биыл маусымдық тұмаумен сырқаттанушылық бойынша жоғары өсім байқалады. Бірақ Covid-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы көбейгенімен, бұл бұрынғыдай жағдайды қиындатпайды. Дегенмен, аурудың алдын алу үшін екпе салдырудан бөлек, емделушілер мен медициналық қызметкерлердің барлығын бетперде тағуға үндеудеміз. Осы әдіс арқылы вирустан сақтану әлдеқайда тиімді.