КХДР Оңтүстік Кореяға қарай снаряд атып, эвакуация жүргізілді
Корей Халық Демократиялық Республикасының әскери күштері батыс жағалаудан Оңтүстік Корея аралдарына қарай артиллериядан 200 снаряд атқан.
Атылған оқ екі елдің шекарасы саналатын Солтүстік шектесу сызығынан асып түскені белгілі болды. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Бірақ аймаққа жақын орналасқан Ёнпхёндо аралының тұрғындарын эвакуациялау жөнінде бұйрық берілді. Осыдан 14 жыл бұрын артиллериялық атыстан осы аралдың 4 тұрғыны қаза тапқан еді.