Биыл әлемдік экономиканың өсуі баяулайды
Биыл жаһандық экономиканың өсу қарқыны 2,4 пайызға төмендейді.
Былтыр бұл көрсеткіш 2,7 пайыз болған. Бұл туралы БҰҰ өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, әлем елдеріндегі экономикалық жағдай пандемияға дейінгі көрсеткіштен әлі де төмен. Оған жоғары пайыздық мөлшерлеме, қақтығыстардың өршуі мен халықаралық сауда және табиғи апаттар кедергі келтіріп тұр. Сондай-ақ сарапшылар несие беру үшін талап күшеюі мүмкін деген болжам жасады. Ал жаһандық инфляция 3,9 пайызға дейін төмендейді деген болжам бар.