Газа секторы тіршілікке жарамсыз болып қалды – БҰҰ

Әскери қақтығыс болып жатқан Газа секторы 3 ай ішінде адамның өмір сүруіне жарамсыз аймаққа айналды.

Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр. Аталған ұйымның мәліметіне сүйенсек, аймақта қарулы қақтығыстан бөлек, түрлі індеттің жаппай таралу қаупі күшейген. Өз кезегінде ЮНИСЕФ Газада азық-түлік тапшылығынан ашаршылық күшейіп, балалар қатты зардап шегіп жатқанын айтады. Бүгінде Газа аумағында медициналық жағдай да нашар. 36 аурухананың тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Бірақ олардың барлығы өңірдің оңтүстігінде орналасқан.