Кубада жанармай қымбаттайды
Кубада билік бензин бағасын бес есе көтеру туралы шешім қабылдады.
Келесі айдан бастап жанармайдың 1 литрі бір доллардан 7 долларға дейін көтеріледі. Бұл туралы елдің қаржы министрі Владимир Регеро хабарлады. Оның мәлімдеуінше, шара пандемия мен санкциялардан кейін ел экономикасын қалпына келтіру үшін қолға алынған. Үкімет бұдан бөлек наурыз айынан бастап электр энергиясының бағасы 25 пайызға көтерілетінін де ескертіп отыр.