Өзбекстанда қоқыс шығару ақысын төлемегендерге жаза қолданылады
Өзбекстан қоқыс шығару ақысын төлемегендерге жаза қолданады.
Мұндай талап Президент жарлығымен бекітілді. Елде қалдықтарды өңдеуді жетілдіру және оның экологиялық жағдайға теріс әсерін азайту шаралары жайлы заң қабылданды. Жаңа ереже кезең-кезеңімен күшіне енеді. Әуелі Ташкент, Нөкіс және облыс орталықтарында қолданылып, жыл соңына қарай бүкіл аймаққа енгізіледі. Құжатқа сай қоқыс шығаратын компанияның алдында 6 айлық берешегі бар азаматтарға электр энергиясын төлеу құқығын шектеу қарастырылған. Ал қарыз уақыты 1 ай кешіктірілсе, тұрғын үйлер жарықтан ажыратылады. Нотариустар бірыңғай электрондық жүйе арқылы онлайн режимде азаматтардың бұл салаға қарызы бар-жоғын тексеріп отырады.
Рустам Тұрсынов, республикалық санитарлық тазалау орталығының қызметкері:
- Бұл салада мәселе жылдар бойы қордаланып қалған. Енді төлем жасамаған тұрғындарға 6 ай бойы смс-хабарламалар жіберіледі. Кейін үш мәрте ескертуден кейін жағдай өзгермесе, жарықсыз қалады. Біз бұл құжатты ұзақ күттік. Осының аясында біраз мәселе шешілуі керек. Өйткені жазалау шаралары қолға алынбаса, нәтиже шықпайды. Егер берешек уақытында өтеліп тұрса, қоқыс шәшіктерін ауыстырып, салаға тың серпін беруге мүмкіндік болар еді.