Газа секторынан дәрігерлер кетіп жатыр
Газа секторын жүздеген медицина қызметкері тастап кетті.
Бұған Израиль әскерінің шабуылды үдетуі себеп. Өз өміріне алаңдаған дәрігерлер өңірден кетуге мәжбүр. Газа секторының орталық және оңтүстік бөлігіндегі қалған ауруханалар да жабылып жатыр. Қазір аймақ бойынша дәрігерлік көмек көрсететін пунктердің тек 30 пайызы жұмыс істеп тұр.
Шон Кейси, Газадағы ДДСҰ жедел медициналық көмек тобының үйлестірушісі:
- Біз Газа секторындағы гуманитарлық апаттың куәсіміз. Аймақтағы дәрігерлердің 70 пайызы ауруханаларды тастап кетті. Яғни 100 науқасқа бір дәрігер ғана көмек көрсете алады. Жаралылар қолдан жасаған шатырлардың астында өлместің күйін кешіп жатыр. Бұл құлдырау, гуманитарлық апат!
Газа секторында азық-түлік тапшы
Газа секторында азық-түлік дағдарысы ушықты. Рафах қаласында жұрт ауызсу алу үшін кезекте тәуліктеп тұруға мәжбүр. Халықаралық ұйымдар мен еріктілер барынша көмек беруге тырысып жатыр. Алайда Изриаль күштерінің бомбалауынан тұрғындарға жәрдем көрсету қиынға соғып отыр.
Мұхаммед Далул, ерікті:
- Біз 15 адамнан тұратын отбасына бір табақ тамақ ұсынамыз. Әрине ол жетпейді. Бірақ, бұдан артық ас беруге біздің де мүмкіндігіміз жоқ.