Газада азық-түлік жетіспейді
Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік өкілі Джон Кирби осылай деп мәлімдеді.
Гуманитарлық көмек уақытылы жеткізілмей жатыр. Израиль блокадасынан азық-түліктен өзге, жанармай және дәрі-дәрмекті тасымалдау қиын болып тұр. 7 қазанда басталған қақтығыстан 23 мыңнан астам адам опат болды, 2 миллион палестиналық баспанасыз қалды.
Аймақта дәрігерлер жетіспей жатыр, медициналық көмек көрсететін пункттердің тек 30%-і жұмыс істеп тұр.
Джон Кирби, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік өкілі:
- Азық-түлік – гуманитарлық көмектің негізгі бөлігі. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен соңғы сапарында жүк көліктерінің санын көбейту үшін келісуге тырысты. Жүк көліктері жетпейді. Қазір 200-дейі ғана жүріп тұр. Бұл дағдарыспен күресу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.