Tesla зауыты Йеменнің кесірінен жұмысын тоқтатты
Тесла компаниясы Германиядағы зауыт өндірісін уақытша тоқтатты.
Бұған Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы себеп. Қақтығыс салдарынан кеме қатынасы арқылы тауар тасымалдау қиындаған. Сарапшылар әсіресе электр көліктерін діттеген жеріне жеткізу 10 күн мерзімге дейін ұзарды дейді. Сол себепті компания басшылығы жағдай қалыпқа келгенше өндірісті тоқтатуға шешім қабылдады. Бірақ 12 ақпанда зауыт жұмысына қайта кірісетінін мәлімдеді. Кеше АҚШ және Ұлыбританияның әскери күштері Йемендегі көтерілісшілер тобына қарсы шабуыл жасады.
Йеменде наразы жұрт шеруге шықты
Йеменде тұрғындар АҚШ пен Ұлыбританияның хуситтерге қарсы соққысына наразылық білдіріп, шеруге шықты. Ереуілшілер акциясы Сану, Таиз, Хаддамаут қалаларында өтті. Олар қос державаның Йеменге ашқан шабуылына қарсы. Сондай-ақ үкіметке елде 7 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыс тоқтатылсын деген талап қойып отыр. Ал көтерілісші хуситтер болса АҚШ пен Ұлыбританияның әрекетін айыптап, мәлімдеме жасады. Құжатта соққының хуситтердің халықаралық құқын бұзуға бағытталғаны баяндалған.