Румынияда шаруалар мен жүргізушілер шеруге шықты
Румынияда осымен үшінші күн ауқымды шеру өтіп жатыр.
Жүк көлігі жүргізушілері мен шаруалар жанармай мен тыңайтқыш бағасының қымбаттап кетуіне наразылық танытып жатыр. Соның кесірінен көптеген компания жабылуға жақын қалған. Осыған байланысты демонстранттар бұл мәселені тез арада шешуді талап етіп отыр. Әйтпесе жолдарды толығымен жауып тастайтындарын айтады. Қазірдің өзінде бүкіл ел бойынша көлік қозғалысы қиындаған.