Қырғызстан азаматтары елімізден бензин алып сатумен айналысып жүр
Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары цифрландыру мен автоматтандырудың салдарынан еңбек нарығы түпкілікті өзгереді.
Инновациялық жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан біраз адамға өмірден артта қалмас үшін, жаңа мамандықтар игеруге тура келеді.
Қырғызстанда жанар-жағармай тұтыну көлемі биыл 7 пайызға өсті. Қымбатшылыққа қарамастан, көрші елде жанармайға деген сұраныс артып келеді. Күн тәртібінде тұрған тағы бір өткір мәселе - қырғыз елі отынның барлық дерлік көлемін шетелден импорттайды.
Қырғызстанға жанар-жағармайдың 95 пайызы Ресейден импортталады. Жыл басында жаңа жоспар жасалып, бензин мен дизель тасымалын арттыру бекітілді. Елде бұл отыгдарды тұтынудың жылдық көлемі - 1 миллион 200 мың тонна. Алайда, сұраныстың жоғары болуына байланысты жергілікті трейдерлер Ресейден қосымша жанар-жағармай сатып алған сәттер аз емес.
Қанат Эшатов, Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті:
- Қырғызстанда жанар-жағармай өнімдерін тұтыну жыл сайын артып келеді. Соңғы бес жылда, орташа есеппен 5-7 пайыз өседі. Себебі елде көлік саны артып, өндіріс саласы дамып жатыр. Жанармайды өте үлкен көлемде тұтынатын ірі компаниялар бар. Мәселен, Кумторды алыңыз. Ол жылына 100 мың тоннаға жуық дизель отынын пайдаланады.
Қырғызстан мен өзге көршілес республикалармен салыстырғанда Қазақстанда жанар-жағармай арзан. Өйткені бізде шикізат өндірісі бар. Қазір Қырғызстандағы ең танымал АИ-92 маркалы бензиннің құны орташа есеппен 64 сом. Өзбекстанда 85, ал Тәжік елінде - 95 сом. Сала мамандары жанармай бағасын отынның көп бөлігін Қырғызстанға бажсыз сататын Ресей арқылы қадағалауға болады дейді. Бірнеше жыл бұрын жергілікті үкімет Қазақстан есебінен жанармай жеткізушілерді көбейтуге үміттенген еді. Бірақ ортақ келісімге келе алмады.
Қанат Эшатов, Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті:
- Бұл мәселе 2018 жылдың жазында көтерілді. Содан келіссөздер жүргізіліп, кездесулер өтті. Қазақстандық делегация бізге бірнеше рет келді. Басқосуларда біздің тарап үнемі өз ұсыныстарын айтып отырды. Бірақ қазірге дейін ешқандай келісім-шартқа қол қойылған жоқ.
Қазақстан мен Қырғызстандағы бензин бағасының айырмашылығы контрабанданың өркендеуіне әкеліп соқты. Салдарынан Қырғызстан азаматтары біздің елге келіп, жанармайды сатып алады да өз елінде рұқсатсыз сатады. Мұндай деректер негізінен Қазақстанмен шектесетін екі облыста - Шу мен Таласта анық байқалады.
Бакыт Чермашев