Давос форумында Газа мәселесі де талқыланды
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Газа секторындағы жағдайды талқылады.
Кездесу Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өткен.
Тараптар Газаға гуманитарлық көмек жеткізу жайын ортаға салды. Сонымен қатар, Гутерриш Иордания мен Ливанның премьер-министрлерімен жүздесіп, аймақтағы қақтығысты шешу жолдарын пысықтаған.
Айта кетейік, Давос экономикалық форумы 15 қаңтарда басталды және 19 қаңтарға дейін жалғасады. Биылғы 54-ші отырыстың тақырыбы "Сенімді қалпына келтіру" деп аталады.
Давос форымында сондай-ақ "ХАМАС" ұйымы мен Израиль арасындағы қақтығысты реттеу және тұтқындарды босату мәселесі де талқыланды.
Осы мақсатта АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Әбдел Рахмано әл-Танимен келіссөздер жүргізген. Тараптар Газа секторына гуманитарлық көмекті тұрақты жеткізу жайын да ортаға салды.