АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге қарсы соққы жасады
АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге қарсы тағы да соққы жасады.
Бұл жолы екі елдің ұшақтары мен әскери кемелері «Ансар Аллах» қозғалысының бақылауындағы Дамар, Саада, Таиз, Ходейда мен әл-Байда провинцияларын атқылады. Әл-Хадат телеарнасының мәліметі бойынша шабуыл хуситтердің әл-Карн лагеріндегі нысандарына жасалған. Бұдан бөлек, Ходейдадағы әуежай маңында да жарылыстар болған. Әзірге зардап шеккендер мен көз жұмғандар жайлы ақпар жоқ.