Шетелдік БАҚ беттерінен
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға сапарын кәрі құрлықтағы басылымдар жарыса жазып жатыр.
Олар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстың нығаюы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп жариялады. Мысалы, "Nowa news" басылымы Италия Орталық Азиямен сауда айналымын күшейтуге басымдық береді деп жазды. Ал қос алпауыт елмен шекаралас жатқан Қазақстан Еуропамен достық қарым-қатынасты жандандыруға ниетті делінген. Соның ішінде Италиядан инвестиция тарту жұмыстары жалғасады. Аdnkronos сайты да осы іссапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев италиялық жетекші компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесетінін жазып, инвестициялық келісімдер жасалатынын жариялады. Ал Vision and Global Trends сайтындағы мақалада Қазақстан Президентінің ресми сапары энергетикалық секторды дамытуға деген нық қадамдар екені жазылды. Сондықтан екі ел өзара энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға кең жол ашуы мүмкін делінген. Қазақ мен Италия қарым- қатынасы бүгін біздің тірек етіп алып отырған тақырыбымыз, сол себепті екі ел арасында жүзеге асып жатырған жобалар жөнінде әлі де тарқатып айтатын боламыз.