Таиландта жарылыстан қаза тапқандардың саны 23-ке жетті
Таиландта пиротехника зауытындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 23-ке жетті.
Құрбандардың бірінің мүрдесі әлі күнге табылған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, опат болғандардың 16-сы әйел адам, 7-еуі ер кісі. Олардың қатарында зауыт қожайынының әйелі мен баласы да бар. Әзірге қайғылы оқиғаның неден болғаны белгісіз. Дегенмен, зауыттың лицензиясы болмаған деген де дерек бар. «Мән-жайды анықтау үшін ұзақ мерзім қажет болуы мүмкін»,- дейді билік өкілдері. Ал жапа шеккен отбасыларға 8400 АҚШ доллары көлемінде өтемақы төленеді.
Торсак Суквимол, ұлттық полиция қызметкері:
- Оқиға орнында тірі жан қалмаған. Сол себепті жарылыстың қалай, не себепті болғанын болжау қиын. Бір ғана жолы – сот-медициналық сараптама жүргізу.