Еріктілер Газа тұрғындарына нан таратып жүр
Газада ахуал ушықты. Халықтың басым бөлігі ашқұрсақ күйде, әбден мазасы қашқан.
Көбісі Рафах лагерінде бас сауғалап жүр. Мұнда еріктілер нан пісіріп, осында қоныстанған палестиналықтарға таратып жатыр. Бірақ балалардан артылар емес. Өйткені наубайханада күніне 22 мың дана нан пісіріледі. Ал бұл жерге жергілікті халықтан бөлек, 1 млн-ға жуық палестиналық көшіп келген. Сол себепті тұрғындарға нан өнімдерін түгел жеткізу мүмкін емес, - дейді еріктілер.
Ибрагим Исефан, қайырымдылық қорының директоры:
- Бұл жоба халықаралық ұйымдар мен Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция және басқа да елдерден келген жомарт жандар тарапынан қолдау тауып отыр. Қаір өндірісті екі есеге арттырып, осында қоныстанған палестиналықтардың барлығын нан өнімдерімен қамту үшін екінші наубайхана ашуға кірістік.