Мексикада тұрғындар үкімет үйін өртеп жіберді
Мексикада тұрғындар шеруге шығып, Оахака әкімшілігінің ғимаратын өртеп жіберді.
Наразы топтың бұл әрекетіне полиция қызметкерінің бейбіт тұрғынға оқ атуы себеп болған. Айтуларынша, тәртіп сақшысы 20 жастағы жігітке себепсіз шабуыл жасаған. Ал полиция мұны мойындамай отыр. Осы оқиғадан кейін шеруге шыққан жұрт полиция көлігі мен нысандарды зақымдап, үкімет үйінің күлін көкке ұшырды. Олар биліктен Оахака губернаторының отставкаға кетуін талап етуде. Бірақ үкіметтің бұған назар аударатын түрі жоқ. Соңғы жылдары Мексикада полицейлер тарапынан тұрғындарға шабуыл жасау оқиғалары жиілеген.