Пәкістанда түтіннен мыңдаған адам уланған
Пәкістанның Лахор қаласы көк түтінге оранды.
Қазір мұнда рейстер уақытша тоқтатылды. Ал соңғы айларда сапасыз ауа райы себебінен ондаған мың адам уланып, денсаулығы сыр берген. Осыған байланысты билік өткен жылдың желтоқсан айында ауа сапасын жақсарту үшін жасанды жаңбыр жауғызған. Алайда мұның ешқандай әсері болмапты. Мамандардың айтуынша, Лахордың метеорогиялық әрі топографиялық жағдайына байланысты әрі өнеркәсіптен, көліктен шығатын улы заттар мен басқа да тұрмыстық зиянды қалдықтар оңайлықпен жойылмайды екен.
Хавар Аббас Чаудхари, пульмонолог:
- Қалың түтін мен қолайсыз ауа райының кесірінен тұрғындардың тыныс алу жүйесіне зақым келіп, өкпе ауруына шалдыққан науқастардың қатары арта бастады. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда респираторлық дертке шалдыққандардың саны 100% жеткен.