Нетаньяху үкіметіне қарсы шеру
Тель-Авивте Биньямин Нетаньяхудің үкіметіне қарсы жаппай наразылық шеруі өтті.
Жергілікті полицияның сөзінше, оған 100 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Шерушілер үкіметтің ұстанған сот реформасына наразы. Айтуларынша, бұл саясат сот жүйесін әлсіретіп, Үкімет күшін арттыруға бағытталған. Сол себепті олар биліктен Нетаньяхудің отставкаға кетіп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуін талап етіп отыр.
Айта кетейін, елде билік саясатына қарсы наразылық акциялары екі жыл қатарынан жалғасып келеді.