АҚШ-та ковид қайта күшейді
АҚШ-та ковид қайта күшейді.
Індеттің ушығуына жаңа мутацияланған вирус пен тұмаудың өршуі себеп болған көрінеді.
Сондықтан дәрігерлер тұрғындардан маска тағуды қайта талап ете бастады.
АҚШта ауруханаға түскен науқастардың қатары көбейген. Ковидтың таралуын азайту үшін емханалардың басым бөлігі бетперде режиміне көшіп жатыр. Ел бойынша өткен аптада ғана 146 мың адам ковид19 диагнозыбен ауруханаға түскен. Маусымдық аурулар эпидахуалды одан бетер қиындатып жіберген.
Уильям Шаффнер, Вандербильт университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы:
- КОВИД пен қоса тұмаумен өзге де қысқы респираторлық вирустарға бей жай қарамауға болмайды. Олар әсіресе, созылмалы аурулары бар, жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдарда қауіпті. Тұмау тіпті дені сау адамды, жастармен балаларды да 48 сағат ішінде жедел жәрдем бөлмесінен бірақ шығаруда. Алайда, тұмауға қарағанда адам денсаулығына ковидтің салдары ауыр.
Коронавирустың тез таралуына JN1 атауымен белгілі жаңа вирус сеп болған. Омикронның бұл түрі былтыр қыркүйек айында анықталған еді. науқастардың 44%нан вирустың осы түрі табылған. Сондықтан тұрғындар сақтық шараларына аса мән беріп, вакцина алғаны дұрыс дейді дәрігерлер.
Роберт Питтс, дәрігер:
- Екпе жасауға ешқашан кеш емес. Барлық пациенттеріме вакцина алуды күн сайын айтып келем. Ковидке атүсті қарамау керек. Белгілерін сезсеңіз жедел тест жасатып, арудың асқыуының алдын алу керек.
Індеттің тез таралуының тағы бір себебі де жұрт вакцина салдыруды күрт азайтқан. Өткен жылы тек бестен бірі ғана екпені жаңартыпты. Сондықтан дәрігерлер қыстың соңғы айында вирус жұқтырғандардың саны артып, эпид ахуал ушыға түсуі мүмкін деп отыр.
Айжан Сыдықова