Қызыл теңізбен зат тасымалдау күрт азайды
Қызыл теңіздегі дағдарыс жаһандық жеткізу қызметіне қауіп төндіріп тұр.
Си-Интэлиджэнс (Sea-Intelligence) консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, жүк тасымалдау мерзімі мен бағаның күрт өсуі қызмет түріне сұранысты азайтқан. Яғни Қызыл теңіз арқылы тауар жеткізу 57 пайызға төмендеді. Бұған өткен жылдың қарашасынан бері емендік көтерілісшілердің Қызыл теңіздегі халықаралық жүк кемелеріне жасаған қарсы соққысы себеп. Желтоқсан айында кей компаниялар бұл аймаққа бас сұқпай, Африка арқылы жүретінін мәлімдеді. Сарапшылардың сөзінше, бұл тарихтағы ең ауқымды екінші құлдырау.