Қытайда жерасты дүмпуі 7,1 балға дейін жеткен. LIVE

Қытайда жойқын жер сілкінісі болды.

Соның салдарынан теміржол, тұрғын үйлерге залал келді. Ондаған пойыз қозғалысы тоқтады. Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Елдің сейсмикалық желілер орталығынгың мәліметі бойынша жер асты дүмпуі 7,1 балға дейін жеткен.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Оқиға Қытайдың солтүстік Батысындағы Шыңжаң Ұйғыр автономдық ауданындағы Уши уезінде тіркелді. Жер сілкінісі түнгі сағат екілер шамасында болды. Дүмпу  22 шақырым тереңдіктен басталған. Мамандардың айтуынша 7 балдық негізгі жер сілкінісінен кейін тағы бірнеше рет қайталанған. Кейінгі дүмпулер  5,3 балдық деп тіркеліп отыр. Жойқын болғаны соншалық елдің Үрімші, Хотан және Қашғар сияқты ірі қалаларында сезілген. Тұрғындар түн ортасында жапа-тармағай үйлерінен далаға қашып шыққан. Жұрт -10 градус аязда далада күтуге мәжбүр болды. Әсіресе Ақсу ауданында қатты сезілген. Шыңжаң жер сілкінісі агенттігінің мәліметі бойынша эпицентр Қытай мен Қырғызстан арасындағы Таулы шекара аймағында болды. Дәл сол аумақта Қытайдың бес ауылы орналасқан. Қытайдық ресми БАҚ беттерінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған шұғыл шаралар қабылданғанын жарыса жазып жатыр. Алайда жергілікті билік зардап шеккендер мен келген залал туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Белгілісі жергілікті билік жолаушылар пойыздарын тоқтатып тастады. Ресми ақпарат бойынша 27 бағыттағы пойыздың қозғалысы шектеліп теміржолдар зардап шеккен.

Жергілікті билік гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. 1000 уақытша тұруға арналған шатыр, 5000 жылы киім, 15 мың көрпе-төсек. 1000 дана жылыту пеші жөнелтілген. Апат ошағына алғашқы құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Шыңжаң аймақтық өрт сөндіру және құтқару басқармасының мәліметі бойынша, барлығы 182 көлік, 800 адам және 32 арнайы үйретілген ит көмек көрсету миссиясына дайын күту режимінде дайын тұр.