Қырғызстанда жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген
Кеше түнде Қырғызстанда болған зілзаладан ешкім жапа шекпеді.
Қираған нысандар да жоқ. Бұл туралы көрші елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Мұнда бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді. Зілзала әсіресе Ыстықкөл облысында қатты сезілген. Өңірде жолды тас басып қалған. Қазір жол ашық тұр. Ал зілзала ошағына жақын орналасқан өнеркәсіптік нысан - Құмтор алтын кен орнында табиғат апатының магнитудасы 6-ға дейін жеткен. Бірақ өнеркәсіп орнына нұқсан келмеген. Комбинат штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр.
Азиз Эгембердиев, ҚР ТЖМ жанындағы дағдарыс жағдайларындағы басқарма орталығының басшысы:
"Алдымен сейсмология институтынан мәлімет келіп түсті. Сосын біздің Ыстықкөл мен Нарын облыстарындағы аймақтық бөлімшелерден де хабар жетті. Жерасты дүмпулерінің ең күштісі түнгі бір шамасында тіркелді. Құрбандар мен қираған нысандар жоқ деген ақпартты да бірден алдық. Артынша зілзала бірнеше рет қайталанды. Соңғысы таңертең 7-де тіркелді. Бірақ уақыт өте келе жерасты дүмпулерінің күші әлсірей бастаған. Тұрғындар арасында дүрбелең болдырмас үшін әлеуметтік желілер мен сайтта қажетті ақпаратты жариялап отырдық".