Қытай дәрігерлері жер сілкінісі кезінде күрделі операция жасады

Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде күрделі операция жасады.

Анау-мынау емес науқастың бас сүйегін ашып ми хирургиясын жүргізген. Бұл жағдай Шыңжаң автономдық ауданындағы Арал ауруханасында болды. Зілзала тура процедура жүріп жатқан кезде басталады. Бүкіл аурухананы теңсеген дүмпуге қарамастан ақхалаттылар сабырлық танытып, өз міндетін жалғастыра береді. Медицина қызметкерлерінің бұл әрекеті бөлмедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Операция сәтті аяқталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақталып, дәрігерлердің бақылауында.

Айта кету керек, апат салдарынан 5 адам жарақат алып, 3 адам көз жұмды. Тағы мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір зілзала болған аумақта гуманитарлық миссиялар жалғасып жатыр.