Испания ағза ауыстырудан көш бастады
Испания - адам ағзасын трансплантациялау бойынша рекорд орнатты.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес мұнда өткен жылы бес жарым мыңға жуық ота жасалған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға артық. Мемлекет донор саны бойынша да еуропада көш бастап тұр.
Отыз жеті жасар Лаура бала кезінен бері диабетке шалдыққан. Дерті күннен күнге асқынып, бүйрегі сыр бере бастайды. Әбден асқынғанда, 17 ай гемодиализдің көмегіне жүгінеді. Жылдар бойы ұзақ сарылып күтпей-ай, небәрі сегіз айдан кейін Лаураға ұйқы безі мен бүйрек трансплантациясы жасалды.
Лаура, Барселона тұрғыны:
- Ұзақ күтпедім, дәл осы қысқа мерзім - өмірімді сақтап қалды. Операция күрделі өтті, өйткені қант ауруым отаны қиындатты, алайда операциядан кейін диабет дертінен арыласыз деп айтқанда, қуаныштан жылап жібердім. Қазір міне, денсаулығында ақауы бар адам дей айтпайсыз мені, отадан кейін өмірім мүлде өзгерді.
Былтыр Испанияда 5400 трансплантация жасалған. Нәтижесінде, пациенттердің бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безі мен ішектері ауыстырылды. Бұл елде денені донарлыққа тапсыру қалыпты дүние. Ағза ауыстыру операцияларын дәстүрлі дін өкілдері мен шіркеу қызметкерлері де қолдап, қоғамға насихаттайды. Ал сотты болған адамдардың дене мүшесі донарлыққа алынбайды.
Эстеве Триас, трансплантологиялық қызмет қорының директоры:
- Испанияда он сегіз жастан асқаннан кейін әр адам өз ағзасының қожайыны. Сондықтан ол медициналық сақтандыруында оқыс жағдайда опат болсам ағза мүшелерімді отаға алуға рұқсат берем деп көрсетеді. Ал мұндай келісім жасалмаған болса, онда оның отбасы шешім қабылдай алады.
Әлемде миллиондаған адам сау ағзаға мұқтаж. Жылдап кезекте тұрады. Үміттері үзіліп жатқандар қаншама. Жалпы трансплантация жасаудан АҚШ әлемде бірінші орында болғанымен Испанияның бұл салада көш бастайтын мүмкіндігі зор.
Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач