Парижде Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм көрсетілді
Мұнда Қазақстан елшілігінде француз ғалымдары, зерттеушілері мен халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшылар жиылды.
Фильмдегі оқиғалар хроникасы мен келтірілген фактілер елімізде болған қайғылы жағдайдың ауқымын түсініп, көрермендердің өз сұрақтарына жауап алуына көмектесті. Сарапшылар «тақырыптың жоғары деңгейде көтерілуі мемлекеттің болған оқиғаларды қабылдап, өткеннен сабақ алуға дайын екенін көрсетеді» дейді.
Малгожата Туар, Франциядағы Қазақстан халқы ассамблеясы достығының елшісі:
- Мен әлі өз-өзіме келе алмай отырмын. Бұл оқиғаларды түсініп, талдау үшін көп уақыт қажет. Бір айтарым - қиын кезеңде Франция мен өзге елдер қазақ халқымен бірге болды. Қайғыңызға ортақтаспыз. Менің достарымның арасында сол кезде жақындарынан айырылған жандар бар.
Саша Брише-Оберски, Шығыс өркениеттері мен тілдері ұлттық институтының студенті:
- Бұл фильмнің көмегімен көп сұраққа жауап алдық. Мысалы, халықтың 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалардан кейін бейбіт өмірге қалай оралғанын түсіндік. Қаншама адамның тағдыры қиылды. Қалай болғанда да Қазақстан билігінің сол оқиғаларды түсіндірудегі бастамасы мен реформаларды қолдаймын.
Катрин Пужоль, Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеуші:
- Мемлекет осындай қайғылы жағдайды бастан кешті. Мұны әсіресе психологиялық тұрғыдан еске алу дұрыс деп санаймын. Бұл жайында тіс жармаса, вакуум пайда болады. Ал мұның салдары жаман. Президент тақырыпқа қайта оралу арқылы ұлтты біріктіргісі келіп отыр.