Еуроодақта 10 мың еуродан астам төлемді қолма-қол төлеуге тыйым салуы мүмкін
Еуроодақта 10 мың еуродан асатын төлемдерді қолма-қол ақшамен төлеуге тыйым салынуы мүмкін.
Еуропалық комиссия осындай ұсыныс жасады. Шара қаражатты жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күресті күшейту үшін қолға алынғалы отыр. Негізі Одақ аумағында қазір де төлемдерді қолма-қол ақшамен есеп айырысуды шектейтін ережелер бар. Бірақ әр мемлекетте талап әртүрлі. Мысалы, Грекияда шекті меже 500 еуро болса, Чехияда - 10 мың еуро. Сондықтан Еурокомиссия бірлестіктегі барлық ел үшін ортақ норма енгізуге ниетті.