Еуроодақ елдері Қызыл теңізде әскери операция өткізеді

24.kz

Еуроодақ елдері Қызыл теңізде әскери операция жүргізуге бірауыздан келісті.

Бұл туралы Ұйымның Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі өкілі Жозеп Боррель мәлімдеді. Оның сөзінше, операция ақпан айында басталуы керек. Осыған дейін Франция, Германия және Италия Еуроодаққа мүше барлық елді, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өздерінің әскери-теңіз күштерін жұмылдыруға шақырған еді. Өйткені Қызыл теңіздегі текетірестен жүк тасымалы қиындады. Шығын 300 пайызға артқан. Бұл жағдай әлемдік саудаға қауіп төндіреді және инфляцияны ушықтырады.